Өскемен тұрғынынан қаламға ұқсас атыс қаруы тәркіленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғынынан қалам тектес атыс қаруы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ерекше режимдегі колония қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірлесіп «Қару» жедел алдын алу шарасын жүргізуде.

Шара барысында олар Өскемен қаласының 44 жастағы тұрғынынан қалам тектес қолдан жасалған атыс қаруын тәркіледі.

«Департамент мамандары мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде азаматтан әдейі қаламға ұқсас қылып жасалған, шағын калибрлі патронмен атуға жарамды қару тәркіленді. Аталған факті бойынша балистикалық сараптама тағайындалды», - деді ШҚО ҚАЖ департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да 92 жастағы кейуанаға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар