Өскеменде 170 мыңнан астам адам вакцина алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 170 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, күн сайын COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алғандар саны артып келеді. Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары үшін «Спутник V», «Vero Cell» және отандық «QazVac» вакциналары қолжетімді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қала бойынша 170 393 адам вакцина салдырған.

«Азаматтар арасында екпе алғандар санын арттыру үшін бірқатар шара ұйымдастырылуда. Оның ішінде түрлі жеңілдіктер мен ұтыс ойындары да бар. Вакцинаны медициналық мекемелерде, кейбір сауда орталықтарында және жылжымалы екпе пункттерінде алуға болады», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде вакцина алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылатындығы жайлы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар