Өскеменде 200 мыңнан астам адам вакцина алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 200 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, күн сайын COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алғандар саны артып келеді.

«Қазіргі уақытта шаһар тұрғындары үшін «Спутник V», «Vero Cell» және отандық «QazVac» вакциналары қолжетімді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қала бойынша 215 263 адам вакцина салдырған. Екпе – қауіпті дертті жеңудің жалғыз жолы екендігін ұмытпайық. Вакцина алған адам вирус жұқтырса да ауруды жеңіл өткереді», - делінген ақпаратта.

Екпені медициналық мекемелерде, кейбір сауда орталықтарында және жылжымалы пункттерде алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Өскеменде вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылатыны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар