+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Өскеменде 4 көлік соқтығысты

2021 жылғы 18 қазан 14:30
Бөлісіңіз:
Өскеменде 4 көлік соқтығысты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 4 көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде көшеде ер адамды бірнеше жерден пышақтап кеткен Ақтөбеде жүргізуші әйел аялдаманы қиратып кетті 700-ден астам атыраулық жүргізуші көліктеріне ксенон таққан

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Защита шағын ауданында болған.

«КамАЗ» жүк көлігін тізгіндеп келе жатқан жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған «Skoda» көлігіне соғылды. Соққы салдарынан «Skoda» «Toyota» көлігіне, ал «Toyota» болса «Lada-ға» соғылды. Жол апатына себепкер болған жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құқық бұзушы 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелуі немесе алты айға дейін көлік тізгіндеу құқығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Өскемен-Шемонаиха» тасжолында жол апатынан 2 адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT