Өскеменде 60 жастағы әйел суға батып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 60 жастағы әйел суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 сәуір күні сағат 13.30 шамасында құтқарушыларға Ертіс өзенінде әйел адамның ағып келе жатқаны туралы хабар түсті.

«Үш қайыққа мінген жедел құтқару жасағының қызметкерлері дереу оқиға орнына жетті. 10 адамнан тұратын жеке құрам жағалауға барлау жүргізген. Сонымен қатар іздестіру жұмыстарына патрульдік полицейлер де көмек көрсетті. Көп ұзамай 60 жастағы әйел адамның денесі табылды. Қазіргі таңда оның жеке басы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына су жағасында барынша абай болу қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар