Өскеменде әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған қысқы Универсиада өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған VIII республикалық қысқы Универсиада өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

21-23 ақпан аралығында өткен жарысқа 12 жоғарғы оқу орнының студенттері қатысқан. Универсиаданың алғашқы күні студенттер Президенттік көпсайыстан бақ сынады. Екінші күні күштік жаттығудан, ал сайыстың соңғы күнінде оқ атудан сынғы түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша, ерлер арасында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері үздік шықты. Екінші орынды Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ спортшылары иеленсе, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жастары жүлдегерлер үштігін түйіндеді. Қыздар арасында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ бұрымдыларына тең келері болмады. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ екінші, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ қыздары үшінші орынға ие болды.

Сайыстың бас төрешісі Болатбек Дүсіповтің айтуынша, универсиададан соң түрлі жарыстарда ел намысын қорғайтын Ұлттық құрама жасақталмақ.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде VIII республикалық қысқы Универсиада өтіп жатқаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар