Өскеменде дүкен өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат. – Өскеменде өртенген дүкенде сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өскемен қалалық ТЖБ-ға сілтеме жасап.

7 қараша күні 9:21-де өрт сөндіру қызметіне қала дүкендерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарланды. Дабыл келіп түскеннен уақыттан 5 минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына барып, жалынды ауыздықтауға кіріседі.

Жалпы ауданы 100 шаршы метр шатырдың ағаш бөлігі жанған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін дүкен қызметкерлері мен келушілері жанып жатқан ғимараттан шығып үлгерген. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Өрт сөндіруші бөлімшелер бір сағаттың ішінде жалынды сөндірді.

Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар