Өскеменде «Екпе алып, көлік ұтып ал!» акциясы басталады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында 28 маусымнан «Екпе алып, көлік ұтып ал!» акциясы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметке сүйенсек, вакцина алған 18 жастан асқан Өскемен қаласының барлық тұрғындары автокөлік ұтыс ойынына қатыса алады.

- Ол үшін барлық екпе алған азаматтар 28 маусымнан бастап https://vaccine-uk.kz/ сайтында тіркелуі қажет. Акцияға жылдың басынан вакцина алғандар қатыса алады. Аты-жөнін, ұялы телефон нөмірін және екпе алған орынды көрсеткеннен кейін, акцияға қатысушыға алты таңбалы бірегей нөмір беріледі. Осы нөмір бойынша бас жүлде ойнатылады, - делінген хабарламада.

Ұтыс ойыны жалпыға бірдей екпе алу науқаны аяқталғаннан кейін әлеуметтік желілерде онлайн трансляция арқылы өтеді. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ұтыс ойынының барлық кезеңдерін қадағалайтын тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылмақ.

Сондай-ақ акцияға Өскемен қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне қатысуға тыйым салынады.


Соңғы жаңалықтар