Өскеменде халық санағына қатысқандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында халық санағына қатысқандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, халық санағынан онлайн форматта өткендер ұтыс ойынына қатыса алады. Олардың тұрмыстық техника мен ұялы телефон ұтып алуларына мүмкіндік бар.

«Ұтыс ойынына қатысу үшін sanaq.gov.kz сайтынан 21-30 қазан аралығында санақ сұрақтарына жауап беру керек. Содан соң санақтан өткендігін растайтын хабарлама нөмірі болуы тиіс. Ойын 20 қарашада әкімдіктің Instagram-дағы akimatoskemen парақшасында өтеді», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар