Өскеменде ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғындарына ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп алдап, 17,5 млн теңге пайда көрген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алаяқ Өскемен тұрғындарына ипотека рәсімдеуге көмектесетіндігін айтып сендірген. 5 адамды тұзаққа түсірген ол 17,5 млн теңге пайда көрген.

«Катонқарағай ауданының 25 жастағы тұрғыны қылмыстық әрекетінің әр қадамын ойластырып алған. Алдымен азаматтардың сеніміне кіріп, содан кейін алдын ала төлем жасауды сұраған. Ақшаны алғаннан кейін жәбірленушілердің телефон нөмірлерін бұғаттап тастап отырды», - делінген ақпаратта.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдікті ұсталды. Тергеу барысында тәртіп сақшылары оның жылжымайтын мүлік саласына ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.


Соңғы жаңалықтар