Өскеменде қар көшкіні қаупіне байланысты ескерту жарияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Демалыс және мереке күндері Өскемен қаласына жақын қысқы демалыс орталықтарына демалушылар ағылып келеді. Өскемен - Северное бағытындағы жол бойында автожолдарға кедергі келтіретін қар көшкіні қаупі бар ошақтар көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ондай қатерді болдырмау мақсатында ШҚО ТЖД «Қазселденқорғау» Шығыс Қазақстан филиалы аталған автожолдың 32-шақырымында қар көшкінінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізді.

Жарылыс ұйымдастырылып, жиналып қалған 1100 текше метр қар түсірілді.

Қазселденқорғау мамандары қар жамылғысы мен таулардағы қар қозғалысын тұрақты бақылауда ұстап отыр. 3-5 тәулік ішінде қалың жауған қардан кейін қар көшкіні қаупі байқалады. Осы уақытта тауға шығудан бас тарту керек, ал қажет болған жағдайда көшкін қаупі бар ошақтардың жанынан өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн.

Соңғы жаңалықтар