Өскеменде қоқыс таситын көлік өртенді, жүргізуші ауруханада

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қоқыс таситын көлік өртеніп, денесін күйік шалған жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, демалыс күні КамАЗ көлігінің кабинасын қызыл жалын шарпыған. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 4 шаршы метр аумаққа жайылған тілсіз жауды сөндірді.

«Өртті өзі өшірмек болған 59 жастағы жүргізушінің аяғы мен қолын күйік шалған. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін жәдел жәрдем қызметкерлері бірден ауруханаға жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрттің шығу себебі қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін.



Соңғы жаңалықтар