Өскеменде көпқабатты үйде өрт шығып, 30-дан астам адам эвакуацияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 30-дан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше түнде Крылов көшесіндегі тоғызқабатты үйдің 4 қабатында орналасқан пәтер лоджиясында өрт шыққан. Пәтер иесі жалынды өзі сөндірмек болды. Алайда онысынан түк шықпағандықтан өрт сөндірушілерге хабарласқан.

«Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. 34 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көп ұзамай жалпы ауданы 6 шарты метрді құраған өрт өшірілді. Өрт сөндірушілер оттың пәтер ішіне тарап кетуіне жол бермеді. Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудың шығу себебі – тоңазытқыштың тоқ өткізгіш элементтеріндегі апаттық жұмыс режимі себеп болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар