Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат. Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Новорабочая көшесіндегі тұрғын үйдің 2-ші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Қызыл жалын есіктің ағаш құрылымдары мен қабырғаны шарпыды.

«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар бірінші кезекте 15 тұрғынды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Көп ұзамай тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығуына - электр жабдықтарын пайдалану және монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзбау қажеттігін ескертеді. Өрт болған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласу керек.


Соңғы жаңалықтар