Өскеменде ҚР ІІМ зейнеткері өртенген үйден адамды құтқарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде зейнеткер өрт шыққан жер үйден 71 жастағы қарияны құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт сөндіру қызметіне шаһар көшелерінің біріндегі жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетті. Анықталғандай, қызыл жалын үйдің қабырғасы мен диванды, жалпы 7 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Құтқарушылар келгенге дейін Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы, ҚР ІІМ зейнеткері Нұрбек Токушев отқа оранған үйден мас күйдегі 1950 жылы туған ер адамды алып шыққан. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шегушіні қарап шықты. Ауруханаға жатқызудың қажеті болмады, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін.



Соңғы жаңалықтар