Өскеменде өртенген көпқабатты үйден 60-тан астам адам эвакуацияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 60-тан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 қараша күні сағат 14.22-де Тихая көшесінде орналасқан тоғызқабатты тұрғын үй подъезіндегі лифт шахтасында қоқыс өртенген. Көк түтін 5 пен 9 қабаттар арасын тұмшалап алды. Оқиға орнына жылдам жеткен құтқарушылар 62 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Зардап шеккендер жоқ.

«Жалын шарпыған аумақ 2 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сонымен қатар бүгін сағат 15.22 шамасында Ключевая көшесіндегі гаражды жалын шарпыған. Өрт сөндірушілер 32 шаршы метрге жайылған отты ауыздықтады.


Соңғы жаңалықтар