+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Өскеменде психотроптық заттарды саудалаған екі қарағандылық ұсталды

2021 жылғы 24 ақпан 21:20
Бөлісіңіз:
Өскеменде психотроптық заттарды саудалаған екі қарағандылық ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында психотроптық заттарды саудалаған Қарағанды облысының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған 150 келіге жуық балық табылды СҚО-да студенттер эвакуатормен вагон ұрлап кеткен Аузына картоп тығындаған: Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бірлесіп 26 және 23 жастағы Қарағанды облысының екі тұрғынын құрықтады. Олар Өскеменнен пәтер жалдап, психотроптық заттарды әлеуметтік желі арқылы саудалаған.

«Пәтерді тінту кезінде психотроптық заттың 1000-нан астам бір реттік дозасы табылды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тәркіленген психотроптық заттардың «қара нарықтағы» бағасы 12 млн теңгені құрайды», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT