Өскеменде сақтандыру қорының 28 павильонында қант келісі 449 теңгеден сатылып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы сақтандыру қорының 28 павильонында қант келісі 449 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Өскеменде қант тапшылығы туындағаны жайлы ақпарат тарап кетті.

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мәліметінше, бүгінде сақтандыру қорының павильондарында қант бар.

«Екі мың тоннадан астам қант сатып алынған. Шілденің ортасына дейін апта сайын бір вагон қант жеткізіледі. Содан кейін екі вагоннан келеді. Жалпы қоймаларда 68 тонна қор бар. Жалпы Шығыс Қазақстан облысында қант тапшылығы туындамайды», - деді «Ертіс» ӘКК» АҚ басқарма төрайымы Тамара Рахымжанова.

Оның айтуынша, тұрақтандыру қорының павильондарында қант аптасына 5 тоннаға дейін сатылады. Әр адамға тек 1-2 келі қант беріледі.

Қордың 28 павильонында қант келісі 449 теңгеден сатылуда.


Соңғы жаңалықтар