Өскеменде такси жүргізушісі жолаушының сөмкесін тартып алды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде қаласында такси жүргізушісі жолаушының сөмкесін тартып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 43 жастағы қала тұрғыны өзін такси жүргізушісінің тонап кеткендігін айтқан.
«Анықталғандай, жәбірленуші жол ақысын төлей алмаған. Такси жүргізушісі оны үйдің ауласынан түсіріп, әмияны, жеке куәлігі, 500 теңге ақшасы, банк картасы мен ұялы телефоны салынған сөмкесін алып кеткен. Осының салдарынан келтірілген материалдық шығын 45 000 теңгеге бағаланды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 389-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
- БҚО-дағы ауылда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды
- Қарағанды облысында боранды күні шығып кеткен ер адамның денесі табылды
- ШҚО-да соңғы бес жылда түлектердің шетелге оқуға түсуі 4,5 есе азайған
- Семейде 142 жыл бұрын салынған ғимараттағы өрт 17 сағаттан кейін сөндірілді
-
ШҚО-да 2017-2020 жылдары 625 көпбалалы отбасы баспаналы болды
-
Теміртаудағы жағдай: Жеңіс Қасымбек «АМТ»-ны қатаң сынға алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам