+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Өскеменде татуласу орталығы ашылды

2021 жылғы 13 қаңтар 19:46
Бөлісіңіз:
Өскеменде татуласу орталығы ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жанжал мен даулар тек сотта шешіледі деген пікір бар. Алайда, әлемдегі сот төрелігінің басты қағидасы – дауласушы ек жақты ымыраға келтіру. Осылайша, дамыған елдерде жанжалдардың 90 пайызы соттан тыс шешіледі, деп хабарлайды ШҚО ақпарат орталығы.

Шығыс Қазақстанда соңғы жылдары татуластыру рәсімдерін дамыту үшін қолдан келген барлық амалдар жасалуда. Мәселен, медиация орталықтары мен кабинеттері табысты жұмыс істеуде, ал облыс соттары татуласу саласында 3 жылдан бері көшбасшы болып келеді. Істердің 22 пайыздан астамы татуластыру рәсімдерімен аяқталған. Өткен жылы 5,5 мыңнан астам істі реттеуге қол жеткізілді.

Осы ретте, Өскеменде татуласу Орталығының ашылуы Татуласу және медиация институтын дамытудың жалғасы және жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге және отбасылық, еңбек қатынастарын сақтауға жасалған үлкен қадам болды.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов орталықтың ашылуына қатысып, оның жұмысымен танысты.

«Өкінішке орай, соңғы уақытта елімізде және біздің облыста ажырасу оқиғалары жиілеп бара жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан азаматтық қоғам жағдайында бітімгершілік рәсімдерге бағытталған барлық әдістер маңызды. Татуласу орталығы жақсы нәтиже береді деп үміттенемін, өйткені, отбасы – мемлекет негізі. Сондықтан отбасы құндылықтарын сақтауымыз керек. Жалпы, орталық өте жайлы, жарық. Қызметтеріңіздің жемісті болуын тілеймін», - деді Даниал Ахметов.

Татуласу орталығында 2 психолог және 3 медиатор жұмыс істейді. Сонымен қатар, мұнда дауларды шешу үшін қолайлы жағдай жасалған диалог алаңы құрылды.

«Қазір соттасатын емес, татуласатын заман» деген ұғым бар. Медиация тәртібімен жасалған келісім, сот шешімімен жасалған келісім сияқты дауды түпкілікті шеше алады. Осы жолды таңдай отырып, тараптар тәуелсіз медиаторға жүгінеді, ол шарттар мен жағдайды талдау арқылы жағдайды шешудің бір немесе бірнеше оңтайлы нұсқаларын ұсынады.

Сот ісі мемлекеттік баж төлеу, адвокат жалдау, уақыт жұмсауды талап етеді. Сондай-ақ, әдетте, тараптардың біреуі сот шешіміне наразы болып жатады. Ал, татуласу әдісі қарым – қатынасты, іскерлік байланысты, денсаулықты, ақша мен уақытты жоғалтпауға мүмкіндік береді», - деді Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков.

Татуласу орталығының медиаторлары мен психологтары тек отбасы ғана емес, еңбек, азаматтық қатынастар, банк және сақтандыру саласындағы дауларды да шешетін болады. Сондай-ақ, авторлық құқық пен зияткерлік меншікке қатысты дауларды шешуге де көмектеседі. Айта кетейік, мұндай орталықтар Алтай және Жарма аудандарында табысты жұмыс істеуде.

«Сотта талапкер және жауапкер болады. Нәтижесінде олардың біреуі жеңеді, сәйкесінше екінші жақ наразылық танытады. Дәл осындай жағдайда екі жақтың да көңілінен шығатын шешім қабылдау қажеттілігі туындайды. Татуласу қадамы кез-келген жағдайды сот арқылы шешуден гөрі әлдеқайда тиімді. Орталықтың жұмысы халық арасындағы қақтығыс деңгейін айтарлықтай төмендетеді, құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді, дауларды сотқа дейін реттеуді дәріптейді», – деп атап өтті Нұрлан Қайырбеков.

Айта кетейік, татуласу орталығы Өскеменде Буров көшесі, 20, мекенжайында орналасқан, ал облыс тұрғындарына қызмет тегін көрсетіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT