Өскеменде той тойлап жатқандар тексеру келгенде терезеден секіріп қашты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы мейрамханалардың бірінде карантин шектеуіне қарамастан той жасағандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, рейд жүргізген мобильді топ «Көкжал» мейрамханасына барған.

Алайда департамент өкілдері, әкімдік қызметкерлері мен тәртіп сақшылары ішке кіре алмай қойды.


6 сағат бойы іштен құлыптанып тұрған мейрамханадан сыртқа ешкім шыққан жоқ. Тек қонақтардың бірінің денсаулығы нашарлап кетіп, оқиға орнына жедел жәрдем келіп жеткенде ғана есік ашылды. Қонақтардың кейбіреуі терезеден секіріп қашқан.

«20 қыркүйек күні «Көкжал» мейрамханасында той жасағандар тіркелді. Бұл Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұзу. Департамент барлық фото және бейнематериалдарды зерттеп, тиісті шараларды қабылдайды», - дейді ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Құралай Дүзгімбаева.


Соңғы жаңалықтар