Өскеменде тұрақтағы екі жүк көлігі өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында автотұрақтағы екі жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 маусымда кешкі уақытта Сәтбаев даңғылындағы автотұрақта «Scania» жүк көлігінен өрт шыққан. Қызыл жалын оның қасындағы дәл сол маркалы мәшинеге де жайылып кетті.

«Өрт сөндірушілер жалпы аумағы 6 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады. Өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан немесе қасақана өртеуден болуы мүмкін. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖБ дерегінше, соңғы 2-3 жыл көлемінде бұл көліктер тұрақта болған.

фото: altaynews.kz
Соңғы жаңалықтар