Өскеменде жастарға арналған үлкен мәдени орталық ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өскеменде жастарға арналған үлкен мәдени орталық ашылады. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың 19-шы шағын ауданның тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша, Өскеменнің 19-шы шағын ауданында жастарға арналған үлкен мәдени кешен салу жоспарлануда, онда бірнеше мұражай, кинотеатр, заманауи оқу орталықтары және бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік беретін басқа да объектілер орналастырылатын болады.

«Бізге қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары баратын объект қажет. Адамдар үлкен субұрқақтың жанындағы басты алаңда ғана жиналмауы тиіс. Комендантка аумағында жақсы алаң пайда болды, сонымен қатар бізде жаяу жүргіншілер көшесі бар. Енді 19-шы шағын ауданда да үлкен нысан болуы керек. Ең алдымен, біздің балаларымыз үшін. Мұнда керемет тарихи мұражай болуы керек, өйткені бізде ауқымды археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр», – деп атап өтті аймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар