Өскеменде жеңіл көлік пен трамвай соқтығысты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында трамвайға соғылған көлік 10 метрге кері серпілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 19 қазанда кешкі сағат 18.00 шамасында болған. Жол апаты салдарынан қоғамдық көлік қозғалысы 1 сағатқа жуық шектелді.

«Юбилейный кинотеатры» аялдамасының маңында көлік тізгіндеп келе жатқан әйел адам шеткі жолдан негізгіге шыға бергенде трамвайға жол бермеген. Сөйтіп, ол №3 трамвайға соқтығысты. Соққы салдарынан жеңіл көлік 10 метрге кері серпілген», - делінген Өскемен көлік компаниясы таратқан мәліметте.

Оқыс оқиғадан зардап шеккен ешкім жоқ. Жүргізушіге қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырған.


Соңғы жаңалықтар