Өскеменде жоғары деңгейдегі ауаның ластануы тағы қайталанды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары Өскеменде ауадағы зиянды қалдықтардың көбейгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8-13 қаңтар күндері Өскемен қаласында ауаның жоғары деңгейдегі ластануы тіркелген. Нақты айтқанда, зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясы төмендегідей өскен:

– көміртегі тотығы – 4,1-ге дейін;

– азот диоксиді – 2,1-ге дейін;

– күкірт диоксиді – 1,8-ге дейін;

– күкіртті сутек – 4,8 -ге дейін артқан.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін 31 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейінгі аралықта Өскеменде жоғары деңгейдегі ауаның ластануы тіркелгендігін хабарлаған болатынбыз.

Авторы Талғатжан Мұхаметбекұлы


Соңғы жаңалықтар