Өскемендегі экология мәселесін бірден шешу мүмкін емес – Даниал Ахметов

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласындағы экология мәселесін шешу мақсатында қандай шаралар атқарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы 5 жылда экологиялық процестерді дамытуға 27 млрд теңге бөлінген. Ірі зауыттар да осы мақсатта қаржы жұмылдыруда. Біз кәсіпорын басшыларының барлығымен кездесіп, келіссөз жүргіздік. Осының нәтижесінде жуықта «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ арнайы фильтр орнатты. Алайда бұл аздық етуде. Ауадағы зиянды қалдықтар мөлшері әлі де көп», - деді Даниал Ахметов халық алдында есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған арнайы бағдарлама әзірленген. Мұндағы мақсат – зиянды қалдықтар мөлшерін 7 пайызға азайту.

«Әрине, 7 пайызды үлкен көрсеткіш деуге келмейді. Алайда талай жыл шешімін таппай келе жатқан экология мәселесін бірден шешу мүмкін емес», - деді аймақ басшысы.


Соңғы жаңалықтар