Осы аптада Нұр-Сұлтан мен Алматыда театрлар ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ashyq» мобильдік қосымшасының арқасында елорда мен Алматыдағы қоғамдық орындардың жұмысы жанданатын болды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың соңында бизнес қауымдастықтың тарапынан Үкіметтің атына да, Мемлекет басшысының атына да көптеген өтініш түскен болатын. Өйткені бизнес нысандардың көбі жұмыс істемей тұрды. Бильярдтар, банкет залдары, компьютерлік клубтар мен боулингтердің жұмысына мүлдем шектеу қойылған болатын. Қазақстан бойынша шамамен 15 мың нысан толықтай жұмыс істемейтін. Оның үстіне 14 мыңдай нысан айтарлықтай шектеулерді сақтай отырып жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бірінің жұмыс күні қысқарса, тағы біріне демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынды», - деп еске алды «Атамекен» өкілі.

«Ashyq» мобильдік қосымшасының арқасында әуелі ресепшн қызметі бар нысандардың жұмысы жанданса, енді кинотеатрлар мен театрларға да жол ашылмақ.

«17 қаңтарда «Ashyq» қосымшасы іске қосылды. Әуелі ресепшн қызметі бар нысандарды енгізіп бастадық. Яғни фитнес-клубтар, бассейндер мен спа-орталықтар кірді. Келесі кезеңде компьютерлік клубтар қосылды. 14 сәуірден бері кинотетарларға жол ашылды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында кинотеатрлар сенбі-жексенбіде жұмыс істей бастады. Осы қосымшаның арқасында кинотеатрға келген «қызыл статусты» тұлғалар тіркеле бастады. Олардың саны көп болмаса да, бар екенін көрдік. Қосымшаның арқасында олар нысанға кіргізілген жоқ. Афишаларды қарасаңыздар жұмадан бастап театрлар елорда мен Алматыда ашыла бастайды. 14 сәуірден бері Ақтөбе, Тараз, Талдықорған, Көкшетау қосылды. Қазір аталған қалалар бойынша 619 бизнес өкілі қатысып жатыр. Қалған қалалар тестік режимде қосыла бастайды», - деді Юлия Якупбаева.


Соңғы жаңалықтар