Отасқанына 30 жыл болған отбасы «Nur Otan» партиясына сенім артады

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Гүлдәрі Иманалиева саяси науқанның үгін жұмыстарын жүргізуде.

Насихат науқанын «Есіктен есікке» акциясы аясында сайлаушылардың үйлеріне барудан бастаған кандидат, ерекше отбасында болды.

Ерекше дейтін себеп, бұл үйдің иелерінің отбасы болып, үлкен өмірде қол ұстасып келе жатқандарына биыл 30 жыл толып отыр.

Үмікер партияның жетістіктері мен ел игілігі үшін жасаған игі істері туралы, сондай-ақ алдағы 5 жылға жоспарланған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарлама жайлы айтып, оң өзгерістердің әр азаматқа лайықты өмір сүруге бағытталып отырғанын жеткізді.

«Жарым екеуміз отасқан 30 жыл бойы мемлекетімізбен бірге өсіп-өркендеп келеміз. Алланың берген 3 баласын тәрбиелеп, қазіргі таңда үлкен әулетке айналып отырмыз. Еліміздің қалай өркендеп қанат жайып, гүлденіп жатқанын өз көзімізбен көріп отырғандықтан, біз ұрпақтарымыздың болашағына сенімдіміз. Келешекке еш алаңдамас үшін біз жанұямызбен 20 жылдық тарихы мен тағылымы бар Нұр Отан партиясын таңдаймыз», -деді отағасы Қайрат Өтембет.

Айтылып жатқан әрбір жаңалық пен жаңашылдыққа риза болған отбасының 80 жастағы қариясы ақ батасын беріп, партияның 7 жетістігі жазылған үгіт қағазын үздіксіз оқып отырды.

Ал үміткер, ерікті жастармен бірге 30 жылдық тарихы бар отбасының суреттеріне сүйсініп қарай берді.

Материал «Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.


Соңғы жаңалықтар