«Отбасы банкі» базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отбасы банкі» базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін жариялаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кезек мәселесін шешу үшін Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардағы тұрғын үй кезектілігін бере отырып, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде толыққанды даму және қолдау институты ретінде «Отбасы банк» құруды тапсырған болатын. «Отбасы банкі» жұмысының негізгі қағидаты ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін баспананың қолжетімділігін арттыруға бағытталады», - деді министр.
Оның айтуынша, «Отбасы банкі» базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылады.
«Ол үйге мұқтаж жандарды есепке алады. Сондай-ақ, қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді кезекке қойылған күні бойынша бөледі. «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базаға деректі қайта енгізуге жол берілмейді. Азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады», - деді Бейбіт Атамқұлов.
- Балқашта еріктілер зейнеткердің өртенген пәтерін жөндеп берді
- Мемлекет басшысы Үкіметке технологиялар трансферті мен локализация жол картасын әзірлеуді тапсырды
- Еліміздің ЖОО-ларында суицидология саласындағы мамандар даярланбақ
- 2025 жылға дейін 80 мың қандастың Қазақстанға оралуына жәрдемдесу жоспарланған
-
Қазақстанның жеті өңіріндегі жолдарда ауыр жүк көліктеріне шектеу енгізілді
-
Биыл сәуірде волонтерлікті дамыту жол картасы қабылданады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам