Өткен айда қай өңірде баспананы сату-сатып алу көп болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанда жыл басынан бері баспананы сату-сатып алу бойынша 88,6 мың келісім жасалған. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үйді сату-сатып алу мәлімелерінің саны 88 656-ны құрады. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 22,8% аз.

Ал өткен мамыр айында елімізде баспананы сату-сатып алу бойынша 17 210 келісім (оның ішінде 5616 жер үй, 11954 көпқабатты үйдегі пәтер) рәсімделген.

Биылғы мамырда баспананы сату-сатып алу мәмілелері ең көп Алматы қаласында жасалған – 2287.

Одан кейінгі орындарда келесі өңірлер тұр:

Қарағанды облысы (2250),

Нұр-Сұлтан қаласы (2086),

Шығыс Қазақстан облысы (1226),

Алматы облысы (1133),

Ақмола облысы (861),

Ақтөбе облысы (850),

Павлодар облысы (841),

Маңғыстау облысы (771),

Шымкент қаласы (764),

Қостанай облысы (760),

Батыс Қазақстан облысы (735),

Түркістан облысы (629),

Солтүстік Қазақстан облысы (597),

Қызылорда облысы (552),

Жамбыл облысы (532),

Атырау облысы (336)

Еске салайық, бұған дейін Статистика комитеті 2020 жылғы мамырда оның алдыңғы аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату бағасы – 1%, абаттандырылмаған үйді алып-сату бағасы – 0,5%, жаңа тұрғын үйлерді алып-сату 0,2% өскенін мәлім еткен болатын. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,2% қымбаттады.


Соңғы жаңалықтар