Өткен тәулікте 26 халықаралық рейспен 3329 ұшақ жолаушысы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 5 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Оңтүстік Корея, Грузия, Беларусь Республикасы, Түркия, Израиль, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 26 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өткен тәулікте 3329 авиажолаушы келді. Оның ішінде:


Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 936 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 590 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 280 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 154 жолаушы;
Павлодар қаласының әуежайына – 1 рейс, 5 жолаушы;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 298 жолаушы;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 66 жолаушы;
Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.
Соңғы жаңалықтар