Өзбекстан 3 млн доллар құйған шетелдіктерге 10 жыл тұруға ықтиярхат береді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан билігі ел экономикасына 3 млн доллар инвестиция құйған шетелдіктерге 10 жыл тұруға ықтиярхат береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Ел үкіметі шетелдік инвесторларға арналған «инвестициялық виза» енгізу туралы қаулы қабылдады.

Өзбекстанның Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, кез келген шетелдік инвестор Өзбекстанның экономикасына үш миллион доллар көлемінде инвестиция салатын болса, оған Өзбекстанда 10 жыл тұруға рұқсат беретін ықтиярхат беріледі. Осы 10 жылдық мерзімде инвестордың отбасы мүшелері Өзбекстандағы ЖОО-да оқуына болады, оқу кезінде оған шәкіртақы төленеді, тіпті жоғары білімнен кейін де оқуды жалғастыру мүмкіндіктері қарастырылған.

Инвестициялық визаны Өзбекстанның жергілікті ішкі істер органдары береді.

Айта кетейік, визаның осы түрі көрші елде бұрын да бар болған. Бірақ оның мерзімі 5 жыл еді.

Соңғы жаңалықтар