Өзбекстан халқы 34 миллионнан асты

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат –Өзбекстанның статистика комитеті 1989 жылдан бері алғаш рет елдегі этникалық ұлттар құрамы туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, Өзбекстанда тұрақты тұратын адамдар саны 34,6 миллионды құрайды.

Елдегі негізгі этикалық топты өзбектер, тәжіктер, қазақтар қарақалпақ пен орыстар құрайды:

өзбектер - 29,2 миллион адам;

тәжіктер - 1,7 миллиона адам;

қазақтар - 821,2 мың адам;

қарақалпақтар - 752,7 мың адам;

орыстар - 720,3 мың адам;

қырғыздар - 291,6 мың адам;

түрікмендер - 206,2 мың адам;

татарлар - 187,3 мың адам;

корейлер - 174,2 мың адам;

украиндар - 67,9 мың адам;

әзербайжандар - 41,2 мың адам;

беларустар - 18,5 мың адам;

басқа ұлттар - 426,4 мың адам.

1989 жылы өткен халық санағының мәліметі бойынша, Өзбекстан тұрғындарының саны 19,81 миллион болған.

Еске салсақ, бұған дейін Өзбекстанда 800 мыңнан астам қазақ тұрып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Авторы: Мәдібек Жәнібеков
Соңғы жаңалықтар