Өзбекстан Қазақстанның ЕО-мен ынтымақтастық тәжірибесін зерттеп жатыр – ӨР СІМ
«Біз жаңа келісім жасау кезінде бұл процесті бізден бұрын бастап, сәтті аяқтаған мемлекеттердің, атап айтқанда осы келісімге қол қойған Қазақстанның тәжірибесін есепке аламыз», - деді Өзбекстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы.
«Бұл процестің қалай жүзеге асқанын зерттеп, өзімізге қорытынды шығарамыз. Біз әріптестеріміз бен серіктестерімізге осы жолда ынтымақтастық жасағаны үшін алғыс айтамыз», - деді ол.
Оның айтуынша, мұндай тәжірибе алмасу Өзбекстан үшін «Еуропалық Одақпен ынтымақтастықта өз позициясын нығайту тұрғысынан» пайдалы болады.
Көрші елдің сыртқы істер министрі келесі жылы Өзбекстан президенті Брюссельге сапарлайтынын айтты. Еуропалық Одақ пен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық кеңесінде талқыланған тақырыптардың бірі -сауда-экономикалық қатынастар. Ынтымақтастықтың осы саласында бірқатар түйткілді тұстар болса да, «шешілмейтін мәселе жоқ».
«Сауда-экономикалық қатынастарды қоса алғанда, біз шешетін мәселелер баршылық. Біздің ойымызша, бүгінгі таңда шешілмейтін проблема жоқ. Бұл мәселелерді шешуге деген өзара тілек пен ниет бар», - деп атап өтті А.Камилов.
ЕО ірі шетелдік киім компанияларының Өзбекстанның мақта өнімдеріне қатысты бойкот туралы айтатын болсақ, СІМ басшысының айтуынша, қазіргі уақытта «барлық мәселелер күн тәртібінен алынып тасталған».
Автор:
Тимур Дүйсекеев