Өзбекстанда ересек халықтың жартысынан көбі вакцинаның бірінші дозасын алды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда 18 жастан асқан тұрғындардың жартысынан көбі коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 18 жастан асқан тұрғындардың 21,44 миллионы (жалпы саны – 34,5 млн адам) вакцина алуға тиіс.

Препараттың бірінші дозасын 11,5 миллион адам (53,6 пайыз) алып үлгерді.

Өзбекстандықтардың 4,6 миллионы (21,2 пайыз) екпені толық салдырды.

Аймақтар арасында Ферғана, Әндіжан және Наманған облыстары көш бастап тұр. Мұнда вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны 2 миллион адамнан асты.

Еске сала кетсек, Өзбекстанда екпе науқаны 1 сәуірде басталған.

Вакциналау бес препаратпен жүзеге асырылуда, олар: AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, «Спутник-V», Moderna және Pfizer.

3 тамызда республикада жұмыс істейтін тұрғындарды міндетті түрде вакциналаудың құқықтық негізін бекіткен заң қабылданды.

29 қыркүйектен бастап Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасын ерікті түрде егуге рұқсат етілді.


Соңғы жаңалықтар