Өзбекстанда Қазақстанның медицина күндері өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең Ташкентте қазақстандық медицинаға арналған форумның ашылу өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Форум аясында Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы реформалар мен медицинадағы жаңа технологиялар таныстырылады. Сондай-ақ, медициналық туризмді дамыту, онкологияда заманауи ядролық технологияларды қолдану, ана мен баланың денсаулығын қорғау, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту және денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері талқыланады», - делінген министрлік хабарламасында.

Іс-шара барысында Өзбекстан азаматтары сол мемлекеттің медициналық ұйымдары базасында қазақстандық дәрігерлерден тегін кеңес алады.

Сонымен қатар, медициналық көрме өтіп, 21-22 қараша күндері қазақстандық жетекші мамандар шеберлік сабақтарын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар