+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Өзбекстанда көпшілік шаралар мен жиындарды өткізу тәртібіне өзгеріс енгізілді

2021 жылғы 20 қыркүйек 20:55
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда көпшілік шаралар мен жиындарды өткізу тәртібіне өзгеріс енгізілді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда Республикалық арнайы комиссияның кезекті отырысында карантин талаптарын қысқарту арқылы тұрғындардың мазмұнды демалысы үшін қолайлы жағдай жасау мәселесі жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Еуропалық Кеңес: Еуроодақтың  кей елдерінде COVID-19 вирусына қатысты жағдай өте күрделі Өзбекстанда балалар арасында коронавирус жұқтыру жиілеп кетті Сингапур АҚШ пен кейбір Еуропа елдерінің вакциналанған туристері үшін шекарасын ашты

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, тиісті органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Өзбекстанда мәдени және ойын-сауық (театр, кино, концерт залдары), көпшілік адам жиналатын шаралар мен жиындарды ашық алаңдар мен жабық кешендерде өткізуге рұқсат етілді.

Сондай-ақ үйлену тойлары мен отбасылық жиындарға қойылған шектеулер жеңілдетілді. 20 қыркүйектен бастап тойханаларда отбасылық салтанатты шаралар мен той-жиындарды 100 адамнан көп болмаған кезде, санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізуге рұқсат берілді.

Республикалық арнайы комиссияның отырысында Өзбекстан мұсылмандары кеңсесі мен Дін істері бойынша комитеттің 2021 жылдың 24 қыркүйегінен бастап жұма намазы мен басқа да намаздарды мешіттердің тек ашық жерлерінде оқылуы бойынша шектеуді жою туралы ұсынысы қаралып, мақұлданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Тұрсынәлі Ахмедов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT