Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны антрекорд орнатуда

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Соңғы бес күнде Өзбекстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны рекорд орнатуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Өзбекстанда 738 жаңа науқас тіркелген.

Сондай-ақ күн сайын 450-500 адамға ковидті пневмония диагнозы қойылады.

23 шілдедегі жағдай бойынша, елде коронавирус жұқтырған азаматтардың саны 122 786 адамға жетті. Пандемия басталғаннан бері коронавирус салдарынан 814 адам көз жұмды

Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымнан бастап Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты карантин шаралары күшейтілді. Елордада және республика өңірлерінде аурудың тұрақты өсуін ескере отырып, қосымша ковид орталықтары ашылды. 17 шілдеде Өзбекстанның коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссиясы сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету және білім беру салаларында жұмыс істейтін 18 жастан асқан азаматтарды, сондай-ақ әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін міндетті түрде вакциналау туралы шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар