+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Өзбекстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары күрт артты

2021 жылғы 21 маусым 22:46
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары күрт артты

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғалары күрт артты. Бұл туралы «Өзбекстан 24» телеарнасына Екінші Зеңгіата мамандандырылған жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысындағы нысандар қалай жұмыс істейді – Жаңа Қаулы Өзбекстанда эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады Жаңа Қаулы: Ақмола облысында қандай нысандардың жұмысына тыйым салынды

«Науқастардың бізге қаралуы екі есеге, ал ауруханаға жатқызылғандар саны 1,5 есеге артқанын байқап отырмыз. Бізге келген науқастардың 13% ауыр жағдайда түседі және реанимациялық емдеуді талап етеді. Жансақтау бөлімшелерінің негізгі контингенті – ауруды ауыр өткізетін науқастар, яғни 65 жастан жоғары адамдар», - деп мәлім етті аурухана директоры Дониёр Миразимов.

Бөлімше меңгерушісі Рано Исламованың айтуынша, қазіргі кезде реанимация бөлімшелерінің төсек орындары толық.

«Жансақтау бөлімшелеріне түскендердің көбіне коронавирусқа қарсы вакцина алуына болар еді, алайда олар белгілі бір себептермен екпе алудан бас тартқан. Бізде бөлімшелерде отбасымен жатқандар бар. Жеті адамнан тұратын отбасы бар. Қазіргі кезде республикамызда індет өршіп тұр. Науқастар саны өте көп. Бөлімшеде 80 төсек орын жабдықталған. Олардың ешбірі бос емес», - деді дәрігер.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, елде соңғы аптада аурудың тұрақты өсуі байқалады. Өткен тәуліктің өзінде 427 адам коронавирус жұқтырған. Ташкент (163) және Ташкент облысы (61) көш бастап тұр. Ауруханаларда коронавирус жұқтырған 3 571 науқас жатыр.


Авторы: Мәдибек Жәнібеков


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT