Өзбекстанда Құрбан айтты отбасында ғана атап өту туралы қаулы шықты

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан президент Шавкат Мирзиёев ел тұрғындарын Құрбан айт мерекесін карантин шараларын сақтай отырып отбасымен үйлерінде қарсы алуға үндеді. Тиісті қаулыға кеше республика басшысы қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарақалпақстан Республикасы Министрлер кеңесі, облыс және Ташкент қаласының хокимияттары Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Дін істері жөніндегі комитет, Махалли және отбасын қолдау министрлігімен бірлесіп, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарға Құрбан айтты біздің халқымыздың ұлттық және діни дәстүрлеріне сәйкес және карантин талаптарын сақтай отырып, отбасыларымен өткізу басымдықтары туралы түсіндірме жұмысын жүргізсін», - делінген қаулыда.

Сондай-ақ, қаулыда демалыс күндерін 17 шілде, сенбіден 21 шілде – сәрсенбіге және 24 шілде, сенбіден 22 шілде – бейсенбіге ауыстыру қарастырылған. Осылайша, өзбекстандықтар Құрбан айтта қатарынан үш күн, яғни 20-22 шілде күндері демалады.

Еске сала кетсек, Өзбекстанда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуы салдарынан 28 маусымнан бастап карантин шаралары күшейтілген. Коронавирусқа шалдыққандар санының күрт өсуіне байланысты ел астанасы мен аймақтарда қосымша ковид-орталықтар ашылуда.


Соңғы жаңалықтар