Өзбекстанда отын энергетикасының өндірісі төмендеді

None
None
ТАШКЕНТ. УзА-ҚазАқпарат - Өзбекстанда жанармай мен табиғи газ өндірісі өткен жылмен салыстырғанда биыл едәуір азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат УзА агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік статистикалық комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында республика көлемінде автокөлік жанармайының өндірісі төмендеген. 2018 жылдың осы кезеңінде 966,8 мың тонна жанармай өндірілген болса, биыл 839,5 мың тонна бензин алынған.

Дизель жанармайының да өндірісі көлемінің көрсеткіші кемігені байқалған, 2018 жылда 900,1 мың тонна болса, 2019 жылда 839,2 мың тонна дизель отыны өндірілген. Сондай-ақ мұнай өндірісі де азайған. 2018 жылда 624,3 мың тонна болса, 2019 жылда 584,1 мың тоннаға кеміді. Табиғи газ өндірісі 2018 жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында 49,8 млрд текше метрді құраған. Ал биыл бұл көрсеткіш 49,3 млрд текше метр.

Соңғы жаңалықтар