Өзбекстанда Парламенттік сайлауға қайта дауыс беру жүріп жатыр

None
None
ТАШКЕНТ. УзА-ҚазАқпарат - 2019 жыл 22 желтоқсанда өткен Өзбекстан Республикасы Жоғары Мәжілісінің Заң палатасы және халық Кеңесі депутаттығына сайлаулар нәтижесі бойынша республикалық 25 дауыс беру округінде қайта сайлау өтуі жайлы ОСК-ның қарары шыққан болатын. Өйткені атаулы округтерде дауыс беру көрсеткіші Сайлау кодексінің белгіленген тәртібіне сай болмаған, деп хабарлайды ӨзА агенттігі.

ОСК-ның шешіміне орай қайта сайлау мерзімі 2020 жыл 5 қаңтарға белгіленіп, бүгін таңертеңнен бастап дауыс беру уақыты басталды.

Еске сала келсек, 22 желтоқсанда өткен сайлау нәтижесі бойынша Өзбекстан Либералды-демократиялық партиясы ең көп дауыс жинаған еді. Олар ұсынған кандидаттың 43-і Заң палатасына депутат болып, парламентте басымдыққа қол жеткізді.




Соңғы жаңалықтар