+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Өзбекстанда Сардоба су қоймасына қатысты қылмыстық іс бойынша екі күдікті қамауға алынды

2020 жылғы 23 мамыр 12:24
Бөлісіңіз:
Өзбекстанда Сардоба су қоймасына қатысты қылмыстық іс бойынша екі күдікті қамауға алынды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Реуспубликасының Бас прокуратурасы Сардоба су қоймасына қатысты қылмыстық істі тергеу барысы жөнінде ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

«Сырдария облысының Сардоба су қоймасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Қазіргі кезде аталған қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, оларға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Шындықты анықтауға кедергі туындамауы үшін іс бойынша оған қатысты басқа да мән-жайлары айтылмайды», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазір тергеу амалдары аяқталмаған.

Осы апатқа байланысты қылмыстық іс 3 мамырда қозғалған болатын.

Еске сала кетейік, 2 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, елді мекендер, коммуникациялық желі, егістікке зақым келген. Соның салдарынан бір күннің ішінде Түркістан облысында 4 ауылды су басып, 620 үй бүлінді. Мақтарал ауданында 2 мамырда түнгі 00:00-де төтенше жағдай жарияланды.

Айта кетерлігі, Сардоба су қоймасына техникалық аудит жүргізіледі, оған Қазақстан тарапы да қатысады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Өзбекстан, Су тасқыны,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT