Өзбекстандағы банкоматтар шетел валютасын айырбастауды тоқтатты

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда Uzcard компаниясының банкоматтары жалған банкноттардың жиі кездесуі салдарынан 50 және 100 долларлық купюраларды қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Тиісті хатты Бірыңғай жалпыреспубликалық процессингтік орталық (Uzcard) республиканың коммерциялық банктеріне жіберді.

«Валюта айырбастау операциялары бойынша транзакцияларды талдау нәтижелеріне сәйкес, Uzcard жүйесіне қосылған банкоматтар жалған шетел валютасын, атап айтқанда «50$» және «$» купюраларды қабылдау жағдайлары жиілеп кетті. Осы жағдайды ескере отырып, валюта айырбастау операциялары кезінде номиналы $50 және $100 купюраларды қабылдау қызметі уақытша тоқтатылды», - делінген хатта.


Соңғы жаңалықтар