Өзбекстандағы Президенттік сайлау: Мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – 2021 жыл 14 қазаннан бастап, Өзбекстандағы Президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды. Бұл мерзім 14-20 қазан аралығына есептелген., деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Сайлау заңнамасына сәйкес, Өзбекстанда сайлаудың негізгі күнінде қандай да бір себептермен тұрғылықты жері бойынша дауыс бере алмайтын азаматтар мерзімге дейін дауыс беруге құқылы. Мерзімге дейін дауыс беру сайлаудан он күн бұрын басталып, аяқталуына үш күн қалғанда аяқталады.

Шетелде жүрген өзбекстандықтар үшін 49 елде сайлау учаскесі ашылды. Қазақстан аумағында учаскелер Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларындағы дипөкілдіктерде ашылған, сондай-ақ барлық облыстарда көшпелі сайлау комиссиялары жұмыс істейтін болады.
Еске сала кетсек, Өзбекстан президентін сайлау 24 қазанда өтеді. Сайлауға бес кандидат, соның ішінде қазіргі Президент Шавкат Мирзиёев қатысуда.


Соңғы жаңалықтар