Өзбекстандағы шаңды дауылдың спутниктен түсірілген суреттері жарияланды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Синоптиктер Өзбекстан мен Орталық Азияның басқа да елдерін басып қалған шаңды тұманның спутниктік суретін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Өзгидрамет-ке сілтеме жасап.

Суретке түсірілген шаңды дауыл Өзбекстанның Ташкент, Сырдария, ішінара Жизақ және Ферғана облыстарында, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік облыстарында және Тәжікстанның кейбір облыстарында тіркелген.

Еске сала кетейік, 4 қарашада Өзбекстан аумағын синоптиктердің мәліметінше, 150 жыл ішінде алғаш рет байқалған шаңды дауыл басып қалған болатын. Алғашқы күндері ауадағы шаң мен құмның шоғырлану мөлшері нормадан 30 есе асып түсті.

Авторы: Мәдібек Жәнібеков


Соңғы жаңалықтар