Өзбекстанның 2 мың азаматы Қазақстанда заңсыз жүрген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ішкі істер министрлігі алғаш рет өзбек әріптестерімен бірлескен «Заңсыз келуші» жедел-алдын алу шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірлескен операция 18-22 қараша аралығында өткізілді.

«Қазақстанда болу ережелерін бұзғаны үшін Өзбекстанның 2 мыңнан астам азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 427 азаматтың болу мерзімі қысқартылды, 186-сы елден шығарылды. Қылмыс жасағаны үшін Өзбекстанда іздеуге жарияланған 3 адам ұсталды. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін төрт күн ішінде 56 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 218 шетелдік қабылдау-тарату орындарына жеткізілді. Көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды», - деді ҚР ІІМ Көші-қон комитетінен.

Қазақстан тарапы шетелдіктерді шекараға жеткізу үшін автобустар ұсынып, оларға арнайы машиналар ілесіп жүрген.

«Өзбекстан өз азаматтарының мәселелерін дер кезінде шешу үшін Штаб құрды. Операция барысында Қазақстандағы Өзбекстанның дипломатиялық өкілдігінің қызметкерлері белсенді жұмыс жүргізді. Өзбек әріптестері көші-қон қызметі орталықтарының қызметімен танысты, тікелей Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ПД қабылдау-тарату орындарында орналасқан адамдарға консультациялық көмек көрсетті. Тараптар осындай операцияларды тұрақты негізде жүргізу туралы уағдаласты», - деді комитеттен.

Соңғы жаңалықтар