Өзенде шомылып жүрген әйелді катермен қағып өлтірген күдікті ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда өзенде шомылып жүрген әйелді катермен қағып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асхат Теміржановтың айтуынша, бұл оқиға 6 маусым күні Шаған өзенінде «Достық» саяжай қоғамы ауданында болған еді.

Белгісіз біреу өзенде жүзіп жүрген әйелді катермен қағып кетіп, өлтірген болатын.

Алынған шаралар барысында 5 тамыз күні осы қылмысты жасаған күдікті анықталды. Ол кәмелетке толмаған тұрғын болып шықты.

«Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық істі жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», деді А.Теміржанов.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, ұсталған күдікті белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Валерий Крыловтың 17 жастағы ұлы көрінеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өзенде шомылып жүрген әйелді белгісіз біреудің моторлы қайықпен жаншып өлтіріп кеткенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар