Өзгеріс сәруарлары: 20 әлеуметтік жоба толық акселерациядан өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IX Азаматтық форумда «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КЕАҚ Басқарма төрағасы Данияр Есин әлеуметтік жобаларды іріктеу жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты – қоғамдық сананы жаңғырту реформасының жүйелі жұмысын іске асыратын үйлестірушілердің бірі, оның негізінде Елбасының бағдарламалық мақаласының қоғамдық сананы өзгерту арқылы ХХІ ғасырдағы қазақстандықтардың ұлттық санасын айқындауға арналған негіздемесі жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы туралы бірыңғай түсініктің болуы өте маңызды. Біздің азаматтардың санасының өзгеруі қоғамдағы сананың өзгеруіне ұласады, мемлекетіміздің бәсекеге қабілетінің дамуына ықпал етеді», - дейді «Рухани жаңғыру» институтының басшысы.

Оның айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау үшін «Өзгеріс сәруарлары» әлеуметтік жобаларын іске асыру басталды.

«Біз өзгерістердің 20 көшбасшы-елшілері пулын дайындауға және осы арқылы тиімді жобалар портфелін алуға тырыстық. Бұл жобалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негіздеріне сәйкес келеді және бағдарламаның жаңартылған сапалы мазмұнына ықпал етеді. Біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаттарын іске асыруды көрсететін жобаларды таңдадық. Қазір 200 көшбасшыны дайындап жатырмыз, олар алдағы уақытта мыңдаған адамды қамтиды»,- деп атап өтті Данияр Есин.

Әлеуметтік жобаларды іріктеу жұмысы үш негізгі кезеңнен өтті. Біріншісі – әлеуметтік маңызға басымдық бере отырып, білім, мәдениет, спорт, экология, инклюзия, туризм бағыттарында жобаларды іріктеу.

Бұл жоба аясында 120-ға жуық өтінім беріліп, 75-і іріктелді. 39 жоба бойынша акселерацияда жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде 39 жобаның 20-сы толық акселерациядан өтті.

Екінші кезеңде жобаларды жеке жүргізуді қамтитын тікелей акселерация – коучинг, ментринг, білім беру модульдері жүргізілген.

Әр жоба жеке әзірленіп, қатысушылар өз бағдарламаларын ұсынды. Үшінші кезеңде – тұрақты даму үшін экожүйені қалыптастыру мақсатында жобалар біріктірілді.

«Жобаны іске асыру үшін команда жинадық, түрлі салалардан 14 жетекші сарапшы тарттық, олар жобаларды дамытуға кәсіби үлес қосты. Нәтижесінде белгілі бір нәтиже көрсеткен 20 нақты жобаны алдық. Акселерация бағдарламасының барлық қатысушылары оқыту модульдерінен өтті. Модульдердің өз тиімділігі бар: стейкхолдерлердің талдауы мен басқаруы, сапаны, сын-қатерлерді, ресурстарды, коммуникацияларды және басқаларын басқару. Жалпы, аталған модульдер бизнес жүргізуді, бизнес-модельдер құруды оқытуда белсенді қолданылады», - деді Д. Есин.


Соңғы жаңалықтар