09:08, 19 Қазан 2020 | GMT +6
Пәкістанда автобус көшкін астында қалды: 16 адам қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пәкістанда жолаушылар автобусы көшкін астында қалып, 16 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Dawn газетінің жазуынша, келеңсіз жағдай сенбі күні түнге қарай болған. Қазіргі уақытта зардап шеккендерді іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды.